12.09.2023 | 02:31
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы – ФИДЕ әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өткен ІХ командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Санаулы сəттер бұрын қазақстандық ойыншылар Грузияға жол берді. Алғашқы раундта грузиялықтар 2½-1½ есебімен алға шыққан. Сосын, 2-айналымды да өз пайдасына аяқтады (3½-½). Қола медаль үшін ойында АҚШ шахматшылары Францияға жол берді.
Команда сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова өнер көрсетті.
Бұл Павел Коцур баптайтын Ұлттық құраманың бәсекедегі алғашқы жеңілісі. Осыған дейін Қазақстан топтық кезеңде Грузиямен тең түсіп (2-2), қалған қарсыластың бәрін ұтқан.
Бүгін Қазақстан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында жүлде алған 6 мемлекеттің біріне айналды. Қазақстанның бұған дейінгі ең жақсы нәтижесі ширек финал еді.
Ал Грузия осымен 2-рет әлемдік додадан алтынына қол жеткізіп, бұл көрсеткіш жағынан Ресеймен теңесті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА 2 ОЛИМПИАДАДА ЕРЕКШЕ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ҚАЛАЙ ӨНЕР КӨРСЕТТІ?
ТАРИХИ НӘТИЖЕ! ШАХМАТШЫЛАР ОЛИМПИАДАДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮЛДЕ АЛДЫ