08.11.2023 | 20:37
Бөлісу:
Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 24 медаль жеңді
Алматы қаласындағы WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа барлығы 30-ға жуық елден 600 татами шебері жиналды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 8 алтын, 5 күміс және 11 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға ие болды. Жапония каратэшілері 14 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастады. Ал үздік үштікті Иран (5 алтын, 6 күміс, 11 қола) түйіндеді.
Соңғы жарыс күні кумите бағдарламасында Диас Анарбеков (84 келіден жоғары), Биғабыл Жоламан (55 кг), Ақниет Шеризат (50 кг) пен Белла Шамашева (55 кг) əнұранымызды шырқатты. Сондай-ақ Асқар Сапарғалиев (87 кг) пен Даяна Даренская (68 кг) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Ал Никита Тарнакин (84 кг), Николь Ценгель (61 кг) және Венера Жақсыбаева (68 келіден жоғары) қолаға қол жеткізді.
XXI құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы Бэлла Самашева жарыстан кейінгі әсерімен бөлісіп, қарсыластарына тоқталып кетті.
«Азия чемпионаты өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластарым осал болған жоқ. Финалда Таиланд өкілін жеңдім. Өте қуаныштымын. Бұнымен тоқтамаймын. Алда әлі көптеген маңызды жарыстар күтіп тұр. Барша қолдаған жандарға мың алғыс!», - деді Белла Самашева.
Айта кетейік, енді ертең ересектер арасында 1-ші ашық Азия чемпионаты басталады. Аталмыш турнир 10 қарашада аяқталады.
Жарыстың бас демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: