22.09.2023 | 11:24
Бөлісу:
Қос қазақстандық Азия ойындарының финалында
Бүгін Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник қазіргі бессайыс жарысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Іріктеу кезеңінде спортшылар семсерлесу, 10 метрден нысана көздеу, 200 метрге жүзу және 3 шақырымға жүгіруден сынға түседі. Финалда бұл сайыстарға конкур қосылады.
Бүгін түстен кейін жартылай финалда Темірлан Абдраимов пен Георгий Борода-Дудочкин шешуші кезеңге шығу үшін өз өнерлерін ортаға салады.
Әйелдердің сайысында қатысушылардың саны аз болғандықтан Анастасия Кочеткова, Елена Потапенко, Людмила Яковлева және Кристина Рябова іріктеусіз, бірден финалда өнер көрсетеді.
Ерлер мен әйелдердің финалдары 24 қыркүйек күні өтеді. ТОП-5 енген спортшылар Олимпиада лицензияларын иеленеді. Бірақ 1 елге тек 1 жолдама беріледі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: