26.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Регбиден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының 3-турында жартылай финалға шыға алмады
Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында регби 7-ден Азия чемпионатының 3-туры басталды. А тобына түскен Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойында Гонконгпен тең түсіп,(12-12), екінші матчта Малайзияны сенімді ұтты. Есеп: 41-5. Алайда күннің шешуші кездесуінде Жапониядан (7-31) жеңіліп қалды.
Ертең біздің регбишілер Шри-Ланка құрамасымен жұбаныш матчында шеберлік байқасады.
Азия сериясының алдыңғы турлары Таиланд астанасы Бангкок (22-23 қазан) пен Оңтүстік Кореяда (12-13 қараша) өткен.
Біздің анықтама:
Asia Rugby Sevens Series 2009 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде арқылы сары құрлықтың ерлер мен әйелдер құрамасы арасында Әлем чемпионаты мен Олимпиаданың жолдамасы сарапқа салынады. Биыл мұнда үздік 8 елдің құрамасы ойнап жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықРЕГБИДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ СЕРИЯСЫНЫҢ 3-ТУРЫНДА 5-ОРЫН АЛДЫ
РЕГБИДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМДІК СЕРИЯ ЖОЛДАМАСЫНА ТАЛАСАДЫ
ASIA RUGBY SEVENS SERIES: РЕГБИШІЛЕР 2-ТУРДЫ БЕТКЕ АЛДЫ