26.05.2024 | 16:17
Бөлісу:
Регбиден Қазақстан, Жапония және Гонконг құрамасы өзара жолдамаға таласады
27 мамыр мен 2 маусым аралығында Гонконг қаласында әйелдер арасында регби 15-тен Азия чемпионатының жоғарғы дивизиондағы ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Элиталы кезеңде Қазақстан, Жапония мен Гонконг өзара сынға түсіп, 2025 жылғы әлем чемпионатына және WXV турнирінің 2 дивизионына тікелей жолдама алуға тырысады. Ол үшін әр командаға барлық матчта жеңіске жету керек. Ал екінші орын алған ел Халықаралық регби федерациясы ұйымдастыратын Global WXV турнирінің 3 дивизионына жолдама алады.
Ел намысын қорғайтын регбишілер:
Сымбат Жаманқұлова, Балжан Ақбаева, Наталья Камендровская, Светлана Малежина, Дарья Ткачева, Ксения Ким, Дарья Симакова, Дайана Қазыбекова, Татьяна Дададжанова, Людмила Иванова, Анжелика Пичугина, Вероника Степанюга, Мария Гришина, Екатерина Савина, Алёна Дробовская, Диана Абишева, Құндызай Бақтыбаева, Анна Мельникова, Ева Беккер, Балжан Қойшыбаева, Юлия Олейникова, Арина Төлегенова, Галина Красавина, Алёна Мельникова, Лилия Кибиева мен Татьяна Кручинкина;
Нұрлан Балбарақов – жаттықтырушы.
Командамыздың ойын кестесі:
27 мамыр, Жапония
2 маусым, Гонконг құрамасы
Әлем рейтингіндегі орын:
Қазақстан 19-сатыда
Гонконг 18-сатыда
Жапония 11-сатыда
Айта кетейік, биылғы Азия чемпионатына Қытай дисквалификация алуына байланысты қатыса алмайды. Былтыр сары құрлық додасы Алматы қаласында өтіп, Қазақстан финалда Жапония спортшыларынан жеңіліп қалған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықРЕГБИДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМДІК СЕРИЯ ЖОЛДАМАСЫНА ТАЛАСАДЫ
ASIA RUGBY SEVENS SERIES: РЕГБИШІЛЕР 2-ТУРДЫ БЕТКЕ АЛДЫ
ЕЛІМІЗДІҢ ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ ТОПТАҒЫ 3 ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ
РЕГБИ 7-ДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ СЕРИЯСЫН БАСТАЙДЫ