27.08.2023 | 16:52

Регбишілер алғашқы турда 5-орын алды

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында регби 7-ден əйелдер арасында Азия сериясының алғашқы туры аяқталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының Баспасөз қызметі.

Бірінші жарыс күні Қазақстан құрамасы 3 ойын өткізді. Отандастарымыз Сингапурдан 15-0 есебімен басым түсті. Ал оның алдында Қытай мен Гонконг құрамасына жол берді.

Ал 2-күні біздің регбишілер А тобындағы шешуші кездесуде Малайзияны (39-0), сосын Сингапурды (42-5) ұтты. Осылайша, Ұлттық құрама бұл турда 5-орын алды.

Инчхондағы турға 8 мемлекеттің құрамасы қатысты. Серияның келесі кезеңі 14-15 қазанда Таиланд астанасында өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес