05.04.2024 | 17:34
Бөлісу:
Сергей Петрович Әлем Кубогының С тобында топ жарды
Ұлттық құрама спортшысы Сергей Петрович (89 кг) Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем Кубогының С тобында жеңіске жетті.
Сергей – қазір Олимпиада лицензиясынан үмітті жалғыз қазақстандық зілтемірші. Бүгін оның жұлқа көтерудегі көрсеткіші – 167 кг. Бұл осы топтағы ең жақсы нәтиже.
Ал серпе көтеруде 196 кг бағындырып, қоссайыста 363 кг көрсетті. Екінші орынға кублық Олфидес Саес (160 +200 кг), 3-орынға қырғызстандық Эмиль Молдодосов (160+187) жайғасты.
«Бүгін жаттығу кезінде көрсеткен ең жақсы нәтижемді қайталадым. Нәтижеме көңілім толады. Негізгі қарсыласым кубалық спортшы болды. Одан бөлек А және В тобының спортшылары бар. Ертең олардың қалай өнер көрсететінін көреміз»,- деді Сергей Петрович.
Бұл салмақтағы Олимпиада жолдамасының иегерлері ертең А және В тобының сайысы аяқталған соң белгілі болады.
Ерлер Ұлттық құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов жыл басында Ташкенттегі Азия чемпионатымен салыстырғанда жоғары деңгейде өнер көрсеткенін атап өтті.
«Бүгін С тобында жеңіске жеттік. Алайда ертең тағы 2 топ тұр. Ондағы негізгі қарсыластарымыз Иран мен Оңтүстік Корея спортшысы»,-деді ол.
Таиландтағы Әлем Кубогында Ұлттық құрама сапынан тағы Айсамал Сансызбаева (+87 кг) мен Сұлтан Мейрам (109 кг) шығады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Әлем Кубогын аяқтады