12.07.2024 | 15:16

СІЗ ОЛИМПИАДАҒА АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША БАРЫН БІЛДІҢІЗ БЕ?

Енді App Store мен Google Play-дан Paris 2024 Olympics атты жаңа мобильді қосымшаны жүктеп алуға болады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сіз Парижде я болмаса өз үйіңізде отырып-ақ осы қолданба арқылы Олимпиадаға қатысты барлық ақпаратты біліп, бақылап отыра аласыз.

«Paris 2024 Olympics» ішінде сізді ойындарға жақын ету үшін қажет интерфейстің бәрі бар.

Қолданбада сіз мыналарды таба аласыз:

- Сізді қызықтыратын барлық ақпарат - «басты» (басты бет).

- «Менің оқиғаларым». Сіз бұл бөлімді сеанстарды басқару, билеттер туралы ақпаратты көру және Олимпиадада қандай жарыстарда болғаныңыз жайлы ақпарат алу үшін пайдалана аласыз!

- «Билеттер». Егер сіз билетті сатып алғыңыз келсе немесе билетті мобильді қосымшаға тіркегіңіз келсе, осы бөлімге өтіңіз.

- «Кесте». Бұл бөлімде сіз спортшылардың өнер көрсету кестесін және жарыс кестесін таба аласыз.

- «Алау эстафетасы» бөлімі бүкіл Франция мен шетелде эстафетаның жүріп өткен бағытын мұқият қадағалауға мүмкіндік береді.

- «Ойын картасы» сізге жақын жерде өтетін жарысқа қатысты барлық іс-шараны көрсетеді. Мерекелер, мәдени іс-шаралар, ұлттық құрамалардың үйлері және фанаттарға арналған аймақтар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес