15.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Спорттық гимнастика: Ұлттық құрама Азия чемпионатына сақадай сай
Бүгін Катар астанасы Дохадағы Aspire Dome кешенінде спорттық гимнастикадан 9-шы Азия чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеде ел намысын Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Фарух Набиев, Дмитрий Патанин қорғайды. Олар Дохаға ертерек барып, оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерді.
Айта кетейік, Доха қаласы осыған дейін 2008 жылы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатын қабылдаған.
Енді апта аяғына дейін құрлықтағы 21 елдің 137 гимнасты (81 еркек, 56 әйел) бар шеберлігін паш етіп, әлем чемпионатына жолдама алуға тырысады. Бұл қатарда отандасымыз Милад Карими мен ирандық Саидреза Кейханы атап өтуге болады. Отандасымыз мамырда осы Дохада өткен Әлем Кубогы кезеңінде брусья жаттығуында күміс медаль жеңіп алса, Саидреза спортық атта өнер көрсетуде таңдаулы атлеттің бірі саналады. Ал әйелдер арасында 8 жазғы Олимпиадаға қатысқан жалғыз гимнаст Оксана Чусовитина бар. 46 жастағы өзбекстандық жуырда Париждегі 4 жылдықтың басты додасына баратынын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы әлем чемпионаты 29 қазан мен 6 қараша аралығында Ливерпульде (Англия) өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: