13.11.2024 | 19:56
Бөлісу:
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бәсекеге 17 өңірден 212 спортшы (136 ер адам, 76 әйел адам) жиналды. Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарының спортшылары жоқ. Бүгін ашылу салтанаты өтіп, алғашқы медальдар сарапқа салынды.
«6-15 желтоқсан аралығында Қазақстанның ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары Бахрейнде өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысады. ӘЧ-на баратын кейбір қатысушылары Талдықорғанда өнер көрсетеді. Ел біріншілігінен кейін команда Бахрейнге оқу-жаттығу жиынына барады. Бұл жергілікті климатқа, тағамға және т. б. бейімделу үшін қажет. Талдықорған чемпионатының қорытындысы бойынша құраманың жаттықтырушылар штабы алдағы маусымға, яғни келесі жылға мықты балалар мен қыздарды іріктеуді жоспарлап отыр»,-деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Гаджи Гаджиев ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Бірінші күннің нәтижелері:
Әйелдер (45 кг)
1. Снежана Қашқарова (Жетісу облысы) - 128 кг (57+71)
2. Ирина Чумак (Қостанай облысы) - 105 кг (45+60)
3. Ясмин Жұматаева (Абай обл.) - 94 кг (42+52)
Әйелдер (49 кг)
1. Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы) - 143 кг (63+80)
2. Нұрсезім Абатқызы (Ұлытау облысы) - 137 кг (60+77)
3. Виктория Мурашкина (Қостанай облысы) - 120 кг (50 + 70)
Ерлер (55 кг)
1. Анатолий Грубов (Жетісу облысы) - 229 кг (110+119)
2. Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) - 218 кг (95+123)
3. Данил Корчагин (Ақмола облысы) - 212 кг (96+116)
Ерлер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты 19 қарашада аяқталады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды