26.09.2024 | 21:53

ТАМАША ЖЕҢІС! ФУТЗАЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ойыншыларымыз Ташкентте 1/8 кезеңде қазіргі әлем чемпионы Португалиядан басым түсті. Есеп: 2-1

«Хумо-Арена»

Голдар: Шыңғыс Есенаманов (10-минут, 1-0), Зики Те (1-1), Арнольд Кнауб (39 минут, 2-1)

Енді ширек финалда Қазақстан 3 қазанда Ташкентте Аргентина/Хорватия құрамасының бірімен кездеседі. Аргентина – осыған дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

ҚАЗАҚСТАН – ПОРТУГАЛИЯ

Екі құрама осыған дейін 2021 жылы Литвада өткен Әлем Кубогының жартылай финалында кездесіп, пенальти сериясында Переней түбегінің өкілі жеңісті тойлаған.

Еске сала кетейін, Ұлттық құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне D тобынан 2-орынмен шықты. Рикардо Кака баптайтын ойыншылар Испаниямен тең түсіп (1-1), кейін Ливияны (8-0) және Жаңа Зеландияны (10-0) жеңген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес