29.09.2024 | 18:34
Бөлісу:
WTT YOUTH CONTENDER: БАТУМИДЕ СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ 10 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Бүгін Грузияның Батуми қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender» санатындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарысқа Әзірбайжан, Англия, Армения, Беларусь, Грузия, Израиль, Қазақстан, Литва, АҚШ, Түркия, Украина, Өзбекстан командасы қатысты. Қазақстан құрамасы турнирді 10 медальмен аяқтады. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
Қыздар, 19 жасқа дейінгі санат:
1-орын, Сарвиноз Миркадирова (бапкері Евгений Тимченко, Алматы).
2-орын, Жанерке Қошқымбаева (бапкері Татьяна Ким, Карағанды).
19 жасқа дейінгі санат, аралас жұп:
1-орын, Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадирова (бапкері Евгений Тимченко)
Ұлдар, 19 жас:
3-орын, Арнұр Оралханов (бапкері Кирилл Сотник, Өскемен)
Қыздар, 15 жас:
2-орын, Мария Лукьянова (бапкері Александр Брижевский, Карағанды).
3-орын, Ноила Ханиязова (бапкері Ержан Есімханов, Түркістан)
Қыздар, 11 жас:
1-орын, Жәния Бекмұхамбетова (бапкері Юлия Даниярова, Қостанай).
3-орын, Назерке Болатбек (бапкері Ержан Есімханов, Түркістан).
Ұлдар, 11 жас:
1-орын, Абай Жұмағұл (бапкері Бекұлан Жамал, Шымкент).
3-орын, Олег Яковлев (бапкері Татьяна Ким, Карағанды).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҮСТЕЛ ТЕННИСІ: 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТАЛАНҒАН СИРЕК ЖАЙТ