03.05.2023 | 23:03

Әлі мүмкіндік бар. Су добынан Қазақстан құрамасы финал жолдамасын Израильмен сарапқа салады

Бүгін су добынан еліміздің әйелдер құрамасы Берлинде өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-дивизионда ойында Жаңа Зеландия құрамасына 8-15 есебімен есе жіберді. Бұл В тобындағы шешуші, 3-матч болатын. Барлық ойында жеңіске жетіп, 9 ұпай жинаған Жаңа Зеландия плей-оффқа 1-орынмен шықты. Ал 6 ұпай бар Қазақстан 2-орынға ие болды.

Енді ертең Әсел Жақаева баптайтын Ұлттық құрама А тобында барлық кездесуде басым түскен Израиль ватерполшыларымен финал жолдамасын сарапқа салады. Жаңа Зеландия өз кезегінде А тобында 2-сатыға ие болған Оңтүстік Африкамен сынға түседі. Ойы 2 ойынның жеңімпазы 23-25 маусым аралығында АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында (Калифорния штаты) өтетін Әлем кубогының Суперфиналына барады.

Айта кетейік, қазіргі іріктеу жүйесі биылдан бастап қолданылады. Осыған дейін А және В тобында 1-орын алған елдер бірден ақтық кезеңге жолдама алып келген.

А тобы: Израиль (9 ұпай), Оңтүстік Африка (6), Өзбекстан (3 ұпай), Украина (0).

В тобы: Жаңа Зеландия (9 ұпай), Қазақстан (6 ұпай), Германия (3), Ұлыбритания (0).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес