03.03.2024 | 15:13

Қыздар құрамасы алғашқы матчта сенімді жеңіске жетті

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында ватерполдан Қазақстан қыздар құрамасы жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы ойында отандастарымыз Шри-Ланкадан 43:4 есебімен басым түсті.

Су добы. Қыздар. 1-ойын. Қазақстан – Шри-Ланка 43:4

Қазақстан құрамасы голдарының авторлары:

10 – Дарина Сембек

6 – Анеля Алтыбасарова

5 – Алина Озкая, Яна Мартынова, Ангелина Лемачко

4 – Яна Смолина, Юлия Дружинина

2 – Аида Алпысбай

1 – Анфиса Журавлева, Ариадна Затыльникова

Чемпионатқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар айналмалы жүйе бойынша өзара бақ сынасып, ең көп ұпай жинаған құрамалар жүлдеге ие болады. 

Суреттердің авторы - Тұрлыжан Айтенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес