07.10.2023 | 18:24

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Ираннан басым түсіп, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Джакартадағы сары құрлық Олимпиадасының жеңімпазы жүлде жолында қарсыластан пенальти сериясында 10-9 есебімен басым түсті. Негізгі уақыт 7-7 аяқталды. Ұлттық құрама сапынан Душан Маркович, Михаил Рудай мен Срджан Вуксанович мергендігімен көзге түсіп, жеңіске үлес қосты.

Ханчжоудағы бәсекені Ұлттық құрама В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген. Сосын, ширек финалда Оңтүстік Кореяны 15-8 есебімен жеңген. Алайда жартылай финалда биылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Қытай құрамасынан пенальти сериясында жол берді.

Біраздан кейін алтын үшін Жапония мен Қытай таласады.

Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндегенін (2006 жылы) айта кетейік.

Бұл Қазақстан құрамасы Қытайдағы ойындарда қол жетізген 76-медаль. Оның оны алтын, 20-сы күміс, 46-сы қола.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес