09.03.2024 | 15:56

Су добынан Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ватерполдан қола медаль үшін матчта еліміздің ойыншылары Қытай командасын 7:4 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан - Қытай 7:4 (0:1, 3:2, 1:1, 3:0)

Голдар:

Егор Белоусов - 4 гол

Нұрасыл Сәтберген - 2 гол

Кирилл Пантелеев - 1 гол

Суреттердің авторы – Тұрлыжан Айтенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес