06.03.2024 | 15:08

Қазақстан жастар құрамасы Сингапурды ірі есеппен жеңді

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан әр түрлі жас санатындағы су спорты түрлерінен 11-ші Азия чемпионатында ватерполдан Қазақстан жастар құрамасы кезекті қарсыласпен ойнады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Топтық кезеңнің үшінші ойынында еліміздің ерлер құрамасы Иранға пенальти сериясында есе жіберді. Ертең жігіттеріміз В тобындағы соңғы матчта Малайзиямен кездеседі. Жартылай финалға өз тобында 1-2 орын алған командалар шығады.

Қазақстан – Иран 10:12 (0:1, 4:2, 1:2, 4:4; пен: 1:3).

Голдар: Егор Белоусов (5️ гол), Владимир Юртаев, Әділ Балтабекұлы (2 голдан), Нұрасыл Сәтберген (1).

Ал Қазақстан қыздар құрамасы 3-ойында Сингапурды жеңді. Ертең біздің аруларымыз Қытаймен кездеседі. Жарысқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар жеңімпаз бен жүлдегерлерді айналмалы жүйе бойынша анықтайды.

Қазақстан – Сингапур 19:9.

Голдар: Юлия Дружинина (5 гол), Алина Озкая, Ариадна Затыльникова (3 голдан), Анфиса Журавлева, Василиса Антропова (2), Яна Смолина, Анеля Алтыбасарова, Дарина Сембек, Милана Ветрова (1).

Суреттердің авторы – Тұрлыжан Айтенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес