04.07.2023 | 09:27

Аян Бейсенбаев Азия Кубогында 3-орын алды

Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында триатлоннан Азия Кубогы аяқталды. Ерлер арасында «элит» санатында отандасымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ол белгіленген қашықтықты 52 минут 54 секундта бағындырды. Аян күміс жүлде алған жапониялық Рен Сатодан 7, чемпион атанған жапониялық Аоба Ясумацудан 20 секунд қалып кетті. Жалпы жарыс жолына 60-тан астам атлет шыққанын айта кетейік.

Құрлық Кубогының жалпы жүлде қоры 12 мың АҚШ доллары. Оның ішінде чемпиондар 1500, күміс жүлдегерлер 1200, 3-орын алған триатлоншылар 900 долларға ие болды. Биылғы жарысқа 14 елден 100-ден астам кәсіби спортшы жиналған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес