19.03.2024 | 15:22

Батуттағы гимнастикадан Әлем Кубогына қатысатын Ұлттық құрама белгілі

Батуттағы гимнастикадан Париж Олимпиадасына ұпай жинауға мүмкіндік беретін кезекті Әлем Кубогының кезеңі 22-24 наурыз аралығында Котбус (Германия) қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсекеге Қазақстан атынан Данил Мұсабаев, Пирмаммад Алиев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Никита Тумаков қатысады.

2024 жылы Әлем Кубогының алғашқы кезеңі ақпан айында Әзербайжан елінде өтіп, Қазақстан құрамасы (Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Алиев) күміс медаль иеленген. Әлем Кубогының шешуші кезеңдері маусым айында Швейцарияда және шілдеде Португалияда өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес