25.02.2024 | 21:33

Қазақстан құрамасы Бакуде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Әзербайжан астанасы Бакуде өткен батуттағы гимнастикадан Әлем Кубогының кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Данил Мусабаев пен Пирмаммад Алиев жұбы финалда 50.520 балл жинады. Чемпион атанған Қытай құрамасында (Фу Вэйцзянь мен Жоу Цзе) 51.090 ұпай. Үздік үштікті Америка гимнастары түйіндеді.

Данил мен Пирмаммад былтырғы Бакудегі Әлем Кубогы кезеңінде жеңімпаз атанған. Ал 2020 жылы қола медаль алған.

Айта кетейік, кеше іріктеуде 19 жұптың арасында Ұлттық құрама 7-сатыға тұрақтап, ақтық сынға шыққан. Биылғы Әлем Кубогының барлық кезеңінде спортшыларға рейтингте ұпай беріледі. Бұл өз кезегінде Париж Олимпиадасына жолдама беруде есепке алынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес