25.03.2024 | 17:09

Данил Мусабаев Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді

Батуттағы гимнастикадан Әлем Кубогының 5 кезеңінің қорытындысы бойынша 25 жастағы Ұлттық құрама спортшысы Данил Мусабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Данил 2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген.

Бұған дейін батуттағы гимнастикадан 2016 жылы Рио Олимпиадасында алғаш Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға табан тіреген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес