11.05.2024 | 10:06
Бөлісу:
Ұлттық құрама көшбасшылары Азия чемпионатына аттанды
Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында батуттағы гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сары құрлық додасында ел намысын Данил Мусабаев, Пирмаммад Алиев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина қорғайды.
«Сәуірдің аяғынан бері Алматы облысында жаңадан ашылған Олимпиадаға даярлау базасында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Дайындық өзіміз ойлағандай жақсы өтті. Команда массажист және психологтың көмегінің арқасында кішігірім жарақаттарды еңсере білді. Енді Гонконгта жүлде алып, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді. Ұлттық құрамаға Олимпиада лицензиясын алып келген Данил осы жарыста жаңа бағдарламасын сынап көреді»,-деді Ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Вертянкин Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, сары құрлық додасы 13 мамырға дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: