03.10.2023 | 13:56

Данил Мусабаев Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Гимнаст Данил Мусабаев Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Батуттағы гимнастикадан Ұлттық құрама спортшысы Данил Мусабаев финалда 57.270 балл жинап, екінші орын алды. Ол тек әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері қытайлық Ян Ланъюға (59.850) жол берді. Қола медаль Хирото Ямаданың (Жапония) еншісінде. Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Пирмаммад Алиев 7-сатыға тұрақтады.

Сәл ертеректе Данил іріктеуде 6-шы, Пирмаммад Алиев 8-орынмен ақтық сынға жолдама алған. Айта кетейік, Данил Мусабаев биыл ақпан айында Баку қаласында өткен Әлем Кубогында жекелей және жұптық сында топ жарған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес