19.01.2023 | invalid

Бекентай Тұрлыбеков Универсиада чемпионы атанды

Бүгін Лейк-Плэсид қаласындағы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 2 медаль түсті.

Биатлоннан 10 шақырымдық спринтте Бекентай Тұрлыбеков мәреге бірінші болып келді. Чемпион бұл қашықтықты 27:51.5 секундта еңсерді. Ал тағы бір отандасымыз Александр Мухин жеңімпаздан 22.2 секунд кейін келіп, қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ қазақстандық Кирилл Бауэр 4-ші, 15 шақырымға жарыста топ жарған Вадим Куралес 5-сатыға жайғасты.

Айта кетейік, қазір Қазақстан делегациясы 3 алтын және 1 қола медальмен жалпы есепте 6-орында келе жатыр. Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады. Осыған дейін Вадим Куралес (биатлон, 15 км) пен Данил Васильев (шаңғымен тұғырдан секіру, К-90) әнұранымызды шырқатқан.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес