07.05.2023 | 10:28

Ерлер құрамасы Суперфиналға шыға алмады

Германия астанасы Берлинде су добынан Әлем Кубогының 2-дивизиондағы кезекті ойындар аяқталды. Бұл жолы әйелдердің ізін ала ерлер құрамасы жиналып, жазда в Лос-Анджелесте жүлдеге таласуға мүмкіндік беретін қос жолдаманың иегерін анықтады.

Біздің ватерполшылар А тобына түсіп, алғашқы ойында Жаңа Зеландияны 10-9 ұтты. Алайда 2-матчта румыниялықтарға 5-19 есебімен есе жіберді. Сосын, сары құрлықтағы негізгі қарсыластың бірі Иран құрамасынан 7-6 басым түсіп, топтан шықты.

Қазақстан - Иран матчы.

A тобы: Румыния (9 ұпай), Қазақстан (6), Иран (6), Жаңа Зеландия (0).

B тобы: Германия (9 ұпай), Қытай (6), (Мальта 3), ЮАР (0).

Бірақ плей-оффта жарыс қожайыны Германия ватерполшыларына төтеп бере алған жоқ. Есеп: 12-1, қарсыластың пайдасына.

Айта кетейік, су добынан Әлем Кубогының Суперфиналы 30 маусым мен 2 шілде аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Биыл АҚШ, Испания, Сербия, Италия, Мажарстан, Грекия Рымыния мен Германия ерлер құрамасы бас жүлдені сарапқа салады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес