17.01.2023 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан қоржынына 2-алтын медаль түсті
Сейсенбінің таңы Қазақстан үшін жағымды жаңалықпен басталды. Тұғырдан секіру бәсекесінде Данил Васильев қарсылас шақ келтірмей, Лейк-Плэсид қаласындағы Универсиаданың чемпионы атанды. Қазақстандық спортшы кіші трамплинде (К-90) 257.3 ұпай жинады. Алғашқы мүмкіндігінде 127.2 балл, ал финалда 130.1 ұпайға ие болды.
Қалған қос медаль аустриялық атлеттің еншісінде. Күміс - Максимилиан Линер, қола - Тимон Паскаль Кахофер.
Тағы бір қазақстандық Сергей Ткаченко 7-ші, Никита Девяткин 9-шы, Святослав Назаренко 21-ші, Мағжан Амангелдіұлы 22-сатыдан көрінді.
Сондай-ақ кеше мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол қысқа бағдарламада 6-шы, ал еркін бағдарламада 3-ші нәтиже көрсетіп, жалпы 231,08 ұпай жинады. Қола медаль үшін таласта Михаил қарсыласынан 0,25 ұпай аз алды. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарысқа 19 елдің 31 спортшысы қатысты.
Айта кетейік, қазір Қазақстан делегациясы 2 алтын медальмен жалпы есепте 6-орынға көтерілді. Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСЕРГЕЙ ТКАЧЕНКО FIS КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ
3 медаль! Шаңғымен тұғырдан секірушілердің қарқыны қатты