04.10.2023 | 14:09

Қазақстан Сингапур құрамасын ірі есеппен жеңді

Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Сингапурдан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Топтық кезеңдегі бұл ойын 22-4 есебімен қазіргі чемпионның пайдасына аяқталды. Енді Қазақстан қатар өтіп жатқан матчтардың нәтижесінен кейін ширек финалдағы қарсыласын біледі.

Кеше қазақ ватерполшылары Жапонияға есе жіберіп, оның алдында Гонконгтан басым түскен (25-4).

Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып (1994, 1998, 2002, 2010, 2014, 2018), тек бір рет үздік үштікті түйіндеген (2006 жылы).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес