27.03.2023 | 09:41
Бөлісу:
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды
Су добынан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстан құрамасынан 12-6 есебімен басым түсті. Бәсекенің үздік ойыншысы қазақстандық Виктория Христанкова атанды.
Айта кетейік, отандастарымыз Азия чемпионатында алты кездесуде де жеңіске жетіп, барлығы 15 ұпаймен мерзімінен бұрын сары құрлық додасында алтыннан алқа тақты. Енді олар мамыр айында жалауы желбірейтін Әлем Кубогына қатысады.
Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасы жартылай финалда Қытайға 1-10 есебімен жол берді. Ал бүгін олар қола жүлде үшін айқаста Таиландпен кездеседі. Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Филиппинді 19-6, Гонконгты 22-7 есебімен жеңсе, Иранға 14-15 есебімен есе жіберді. Ал ширек финалда Сингапурды 10-7 есебімен жеңген.
Айта кетейік, әуелде халықаралық турнир ретінде жоспарланған бұл сында Әлем Кубогына Азиядан баратын құрамалар іріктелді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСу добынан Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алды
Қазақстан жастар құрамасы Сингапурды ірі есеппен жеңді
Қыздар құрамасы алғашқы матчта сенімді жеңіске жетті
Ұлттық құрама Шри-Ланкадан ірі есеппен басым түсті