04.05.2023 | 22:04

Су добынан Қазақстан құрамасы Израильден жеңіліп қалды

Бүгін су добынан еліміздің әйелдер құрамасы Берлинде өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-дивизионда Израильге есе жіберді. Есеп: 19-8. Өкінішке қарай, Әсел Жақаева баптайтын ватерполшылар 23-25 маусым аралығында АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында (Калифорния штаты) өтетін Әлем Кубогының Суперфиналына жолдама ала алмады.

Қазақстан В тобына түсіп, алғашқы жарыс күні Германия мен Ұлыбритания құрамасын жеңген. Сосын, соңғы мачта Жаңа Зеландияға жол берсе де, плей-офф кезеңіне шықты. Берлиндегі турнир қорытындысы бойынша Лонг-Бичке финалдағы ойынға қарамастан Жаңа Зеландия мен Израиль барады. Алдыңғысы А тобында 2-сатыға ие болған Оңтүстік Африканы 16-3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, қазіргі іріктеу жүйесі биылдан бастап қолданылады. Осыған дейін А және В тобында 1-орын алған елдер бірден ақтық кезеңге жолдама алып келген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес