01.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Триатлон: Аян Бейсенбаев пен Дарын Қонысбаев Әлем Кубогына қатысты
26-30 тамыз аралығында Норвегияның Берген қаласында триатлоннан Әлем Кубогы өтті. Бұл бәсекеге 29 елден таңдаулы 65 атлет жиналған. Бұл қатарда қазақстандық Аян Бейсенбаев пен Дарын Қонысбаев та бар. Бәсеке қорытындысы бойынша Аян 53-ші (уақыты: 00:59:56), ал Дарын 61-болып (уақыты: 01:03:27) мәре сызығын қиды.
Айта кетейік, үздік 50 спортшыға әлем рейтингінде ұпай қосылды. Енді қос қазақстандық 3-4 қыркүйек аралығында Испанияның Валенсия қаласында өтетін Әлем Кубогына қатысады. Бұдан бөлек, үш сайыс шеберлері Чехияның Карловы Вары қаласы (10-11 қыркүйек) мен Оңтүстік Кореяның Тхонъен қаласында (1-2 қазан) өтетін Әлем Кубогына дайындалады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТриатлоннан Азия чемпионатында 5 спортшымыз сынға түседі
Аян Бейсенбаев пен Екатерина Шабалина Азия чемпионы атанды
Аян Бейсенбаев делегация қоржынына 23-жүлдені салды