01.10.2023 | 15:50
Бөлісу:
Ватерполдан Ұлттық құрама Өзбекстанды жеңіп, қола жүлдеге ие болды
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жүлде жолында еліміздің су добы шеберлері Өзбекстан құрамасын 16-8 есебімен жеңді. Бас жүлдені Жапония мен Қытай сарапқа салады.
Жалпы Азиадада еліміздің әйелдер құрамасы 2010 жылдан бері бақ сынап келеді. Сол жылы күміс медаль алса, 2014 жылы қола, 2018 жылы қайтадан күміс жүлдеге қол жеткізген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСу добынан Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алды
Қазақстан жастар құрамасы Сингапурды ірі есеппен жеңді
Қыздар құрамасы алғашқы матчта сенімді жеңіске жетті
Ұлттық құрама Шри-Ланкадан ірі есеппен басым түсті