02.10.2023 | 13:34

Виктория Бутолина өзінің алғашқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Гимнаст Виктория Бутолина Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Батуттағы гимнастика бәсекесінің финалында Виктория 52.600 ұпай жинап, Қытай құрамасының спортшылары Сюэин Чжу (алтын) мен Ичэнг Худан (күміс) қалып кетті.

Айта кетейік, 18 жастағы Виктория Бутолина үшін бұл алғашқы Азиада. Ал Сюэин Чжу осы бағдарламада Токио Олимпиадасының чемпионы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес