05.10.2023 | 17:49

Ұлттық құрама Оңтүстік Кореяны жеңіп, жартылай финалға қадам басты

Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақ ватерполшылары ширек финалда Оңтүстік Кореядан 15-8 есебімен басым түсті. Ойын алғашқы айналымнан бастап, қазіргі чемпионның бақылауымен өтті. Енді финал жолдамасын қазіргі Азия чемпионы Қытай мен Қазақстан 6 қазанда сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы ХІХ Азиаданың В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген.

Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндеген (2006 жылы).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес