03.10.2023 | 15:52

Ұлттық құрама Жапониядан жеңіліп қалды

Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Топтық кезеңдегі матч 13-15 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Жапон ватерполшылары алғашқы айналымда есепте алға шығып, қалған кезеңдерде басымдығын уыстан шығарған жоқ.

Кеше Гонконг командасын жеңген Ұлттық құрама ертең Сингапурмен күш сынасады.

Айта кетейік, Қазақстан мен Жапония құрамасы 2018 жылғы Джакартадағы Азиаданың финалында кездесіп, Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес