28.07.2024 | 14:23

АЛЕКСАНДРА ЛЕ ТАҒЫ ФИНАЛДА

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол іріктеуде 631.4 ұпай жинап, 6-сатыға тұрақтады. Бір сағаттан соң финалда 8 үздік мерген сынға түседі.

Ал Арина Алтухова бұл сында 17-сатыда (627.7 ұпай).

Айта кетейік, бұл Александраның алғашқы Олимпиадасы. Ол кеше Ислам Сатпаевпен бірге Олимпиадада қола медаль жеңіп алған.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес