27.07.2024 | 15:23

ИСЛАМ САТПАЕВ ПЕН АЛЕКСАНДРА ЛЕ ЖҮЛДЕ АЛҒАН СОҢ НЕ ДЕП АЙТТЫ?

Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін жеңіп алған мерген Ислам Сатпаев пен Александра Ле жарыстан кейін кішігірім сұхбат берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ислам Сатпаев: «Көңіл-күйім керемет. Бұл мен қатысып жатқан алғашқы олимпия ойындары және қола медаль алдым. Тамаша емес пе?!».

«Мен бұл спортқа келгенде Олимпиадаға қатысуды, онда ең үздік нәтижемді көрсетуді армандадым. Бұл менің мақсатым, мен осыған сенемін. Егер бар күшімді салсам жеңіске жететінімді білемін. Бүгін мен үшін сондай қуанышты күн. Жүлдемді мойныма таққанша асығып тұрмын»,-деп айтты Александра Ле.

Айта кетейік, Ислам мен Александра былтыр Ханчжоуда жұптық сында қола жүлдеге қол жеткізген. Ислам лицензияны былтыр Бакудағы әлем чемпионатында, Александра Азия чемпионатында алған. Екеуі алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатыр.

Қола жүлде үшін Қазақстан мен Германия командасы арасындағы тартыс 17-5 есебімен аяқталды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес